Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылған өңірлер қатары артты

АCТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы тағы да бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады. 

Кептеліс
Фото: Қарағанды облыстық ПД

29 желтоқсан күні сағат 22:00-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар төмендегі автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді:

Ұлытау облысы:

- «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автомобиль жолының 433-788-шақырымы аралығындағы учаскесі (Жезқазған қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейін).

- «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автомобиль жолының 24-64-шақырымы аралығындағы учаскесі (Сәтбаев қаласынан Жезді елді мекеніне дейін). 

Қарағанды облысы:

- «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті» автомобиль жолының 788-906-шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау облысының шекарасынан Топар елді мекеніне дейін). 

Маңғыстау облысы: 

30 желтоқсан күні сағат 00:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» 332–632-шақырым аралығындағы Бейнеу елді мекенінен Шетпе елді мекеніне дейін барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. 

Ақмола облысы: 

30 желтоқсан сағат 01:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Қостанай-РФ шекарасы (Қайрақ ө/п)» 16-135-шақырым аралығында (Астана қаласынан Астараханка ауылына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Сондай-ақ 30 желтоқсан күні сағат 02:00-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. 

Ақмола облысы:

- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200-шақырым аралығы (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін). 

Павлодар облысы:

- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-254-шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін). 

Ұлытау облысы: 

30 желтоқсан күні сағат 02:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» 64-137-шақырым аралығында (Жезді ауылынан Ұлытау кентіне дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. 

Жоғарыда аталған жолдарды бүгін сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, кеше ауа райы бұзылып, Ұлытау және Қызылорда облыстарында жол жабылды.

Соңғы жаңалықтар