Ауа райының қолайсыздығына байланысты ОҚО-да жолдардың бір бөлігі жабылды

ШЫМКЕНТ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақта қазіргі кезде үш жол жабылды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ОҚО-да жолдардың бір бөлігі жабылды

Осылайша, Бәйдібек ауданындағы Шыбықбел асуы арқылы өтетін жол қозғалысына тыйым салынды, сондай-ақ Созақ ауданындағы Шолаққорған, Ащысай және Одаман тас жолдарындағы қозғалыс жабылды. Алматы бағытындағы көлік жолдары әзірше ашық, бірақ құтқарушылар жол қозғалысына шектеу қойылуына дайындалуда. Егер бұрқасын басталса, жолда қалып қойған жолаушыларды Түлкібас ауданындағы үш мектеп пен арнайы пункт қабылдайды.

Қазіргі кезде республикалық маңызы бар жолда 25 техника бірлігі мен ТЖ бригадасы жұмыс істеуде. Алайда, ТЖ бөлімі бастығының орынбасары Д.Сариевтің айтуынша, қазіргі кезде ОҚО-ның асуларында құтқаруға мұқтаж адамдар жоқ.