Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ауа райының нашарлауына байланысты республикада бірнеше жолдардың учаскелері жабылды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы облысында ауа райы жағдайының нашарлауына (көктайғақ, бұрқасын, нашар көрінушілік) байланысты 24 желтоқсандағы сағат 21:00-ден бастап «Үшарал-Достық» тас жолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Ауа райының нашарлауына байланысты республикада бірнеше жолдардың учаскелері жабылды - ҚР ТЖМ

Сондай-ақ 25 желтоқсан күні сағат 15:30-дан бастап «Сарыөзек-Жаркент-Қорғас» тас жолының 40-65 шақырымдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Шығыс Қазақстан облысында ауа райы жағдайының нашарлауына (көктайғақ, бұрқасын, нашар көрінушілік) байланысты кеше сағат 17:00-де «Алматы-Өскемен» тас жолының Аягөз қаласы- Қ.Қайсенов кенті учаскесінде көліктің барлық түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.

Жамбыл облысында 25 желтоқсандағы сағат 21:00-де «Айша бибі» ЖПБ-ның бекетінен Оңтүстік Қазақстан облысымен шекараға дейін жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысы тоқтатылды.

Астана қаласынан шығаберісте, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында бүгін таңертең көліктің қозғалысына шектеу енгізілді.