Ауғанстан 2014 жылы елден НАТО әскері шығарылғаннан кейін өз қауіпсіздігін қорғауға қабілетті - елдің СІМ орынбасары

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ауғанстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Джавед Лудинмен келіссөздер жүргізді.

Ауғанстан 2014 жылы елден НАТО әскері шығарылғаннан кейін өз қауіпсіздігін қорғауға қабілетті - елдің СІМ орынбасары

Тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдайды жан-жақты талқылап, екіжақты саяси ықпалдастық пен сауда-инвестициялық ынтымақтастықты өрбіту мәселелері, сонымен қатар үстіміздегі жылғы 26 сәуірде Алматыда өтетін Ыстамбұл үдерісіне қатысушы елдердің Министрлері конференциясына дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Д.Лудин: «Біз бүгін 2014 жылы елімізден барлық шетелдік әскерлер, соның ішінде НАТО-ның бітімгерлік контингентінің де шығарылатынын талқыладық. Мен сыртқы істер министрін өзіміздің ауғандық қауіпсіздік күштерінің мемлекет қауіпсіздігін қорғауға толық күші жете алатындығына сендірдім», - деді.