Ауғанстанда Ресей елшілігінің 2 қызметкері қаза тапты

МӘСКЕУ. ТАСС- ҚазАқпарат - Кабулдағы Ресей дипломатиялық миссиясының екі қызметкері дүйсенбі күні Ресей Елшілігінің маңында болған терактіден қаза тапты. Бұл туралы РФ СІМ мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
None

«5 қыркүйек күні Кабул уақытымен сағат 10:50-де Ауғанстандағы РФ Елшілігінің консулдық бөлімінің кіреберіс есігінің алдында белгісіз содыр жарылғыш затты жарды. Шабуыл салдарынан дипмиссияның екі қызметкері мерт болды. Ауған азаматтары арасында да зардап шеккендер бар», - деді дүйсенбі күні ведомстводан.



Фото: tass.ru



Соңғы жаңалықтар