Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ауыл шаруашылығы министрлігі қарбызды шілде айының соңынан бастап сатып алуға кеңес берді

АСТАНА. KAZINFORM – Қарбыз бен өзге де бақша өнімдерін шілде айының соңы мен қыркүйек айы аралығында жеген жөн. Бұл туралы Үкіметтегі брифинг барысында журналистердің сауалына жауап берген Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.

«Судан тарыққан жоқпыз» - Түркістан облысының диқандары қарбыздың алғашқы өнімін жинап жатыр
Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

Оның айтуынша, бақша өнімдерінің пісу мерзімі өсіру технологиясына байланысты.

– Бақша өнімдерін өсірудің төрт технологиясы бар. Біріншісі – үлдірдің астында өсірілетін өнімдер, екіншісі – орта мерзімде, үшіншісі – кеш пісетін, төртіншісі – жыл бойы өсірілетін дақылдар. Бақша өнімдерін шілде айының соңы мен қыркүйек айы аралығында тұтынған қауіпсіз. Себебі осы кезеңде олар ешқандай қоспасыз, тыңайтқышсыз табиғи жолмен піседі, – деді Азат Сұлтанов.

Вице-министр бұл ұсынысты әсіресе балаларға қарбыз сатып аларда ескеруге кеңес берді.

Сондай-ақ ол шетелден әкелінетін жеміс-жидек пен көкөністердің фитосанитариялық бақылаудан өтетінін атап өтті.

Айта кетейік, Азат Сұлтанов қант бағасының күрт өзгеру себебін де түсіндірді.