Ауыр атлет Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті.

Ауыр атлет Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды
Фото: ҚР ҰОК

Отандасымыз әйелдер арасында 77 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Ол жұлқа көтеруде 109 келіні, серпе көтеруде 137 келіні бағындырды. Осылайша Аянат қоссайыс қорытындысы бойынша 246 келіні еңсерді.

Қытайлық Хэ Жэньсю алтын медаль жеңіп алды — 258 (118+140). Рейхане Карими (Иран) үздік үштікті түйіндеді 243 (107+136).

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық спортшы Ерлан Тасмағамбетов батуттағы гимнастикадан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.