Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM –10 мамырда Гандинагар қаласында (Үндістан) ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталады.
ҚР ҰОК мәліметінше, аталған байрақты бәсекеде ел намысын төрт спортшы қорғайды.
79 келі: Петр Хребтов
88 келі: Әлібек Рахымберды, Александр Уваров
110 келі: Сұлтан Мейрам
Айта кетейік, құрлық біріншілігі 17 мамырға дейін жалғасады.
Әсем Орынбай стенд атудан әлем кубогының финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Бүгін Чемпиондар лигасында қарымта ойындар басталады.