Бүгін Чемпиондар лигасында қарымта ойындар басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта ойындары 5-6 мамыр күндері өтеді.

футбол
Фото: UEFA.com

Жартылай финалға ¼ финалда қарсыластарын қапы қалдырған «Арсенал», «Бавария», «Пари Сен-Жермен», «Атлетико Мадрид» командалары жолдама алған еді.

Ойындар кестесі

5 мамыр

«Арсенал» (Англия) - «Атлетико Мадрид» (Испания) (бірінші ойын 1:1)

6 мамыр

«Бавария» (Германия) - «Пари Сен-Жермен» (Франция) (4:5)

Бұл ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ширек финалда франциялық клуб Англияның «Ливерпулін» (2:0, 2:0) жеңсе, германиялық команда Испанияның «Реал Мадридін» (4:3, 2:1) қапы қалдырды.

«Пари Сен-Жермен» былтыр «Пари Сен-Жермен» Чемпиондар лигасында топ жарса, 2019/2020 жылдары финалист болды.

«Бавария» аталған турнирде 1973/74, 1974/75, 1975/76, 2000/01, 2012/13, 2019/20 жылғы маусымда чемпион болса, 1981/82, 1986/87, 1998/99, 2009/10, 2011/12 жылғы маусымда финалға сынға түсті.

Ал «Атлетико Мадрид» Испанияның «Барселонасын» (1:2, 2:0), «Арсенал» Португалияның «Спортингінің» (0:0, 1:0) орта жолда қалдырды.

Испаниялық клуб Чемпиондар лигасында 1973/74, 2013/14, 2015/16 жылғы маусымда жеңімпаз атанса, англиялық команда 2006 жылы аталған турнирде финалда сынға түсті.

Финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.