Аустралия мен Жаңа Зеландия 2026 жылды алғаш болып қарсы алды

АСТАНА. KAZINFORM – Аустралия мен Жаңа Зеландия 2026 жылды алғаш болып қарсы алды. Ал 1 қаңтар ең алдымен Тынық мұхитындағы Кирибати арал мемлекетіне қарасты Рождество аралында басталды, деп хабарлайды DW

Аустралия мен Жаңа Зеландия 2026 жылды алғаш болып қарсы алды
Фото: Deutsche Welle

Арал тұрғындары Жаңа жылды Астанада сағат 15:00 болған сәтте қарсы алған.

Басылымның жазуынша, Аустралияның Сидней қаласында жүздеген мың адам ауқымды жаңа жылдық отшашуды тамашалау үшін жиналған. Отшашу алдында 14 желтоқсанда Сиднейдегі Бонди жағажайында еврейлердің Ханука мейрамын атап өту кезінде қаза тапқан адамдарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланған.

Азияның Бангкок пен Сингапур секілді ірі қалаларында да әсерлі жарық шоулары жоспарланған.

Жаңа жыл Жер шарын батыстан шығысқа қарай аралап өтуде. Еуропа елдерінен кейін оны Батыс жартышар тұрғындары қарсы алады. Мәселен, Бразилиядағы әйгілі Копакабана жағажайында шамамен екі миллион адам жиналады деп күтілуде.

Нью-Йоркте Таймс-сквер алаңындағы әйгілі хрусталь шарды түсіру рәсімі биыл ерекше өтпек.

2026 жылы АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясына қол қойылғанына 250 жыл толуына байланысты шар екі рет түсіріліп, ұлттық тудың түстерімен жарқырайды.

Германияда да ауқымды мерекелік шаралар күтілуде: Берлиндегі Бранденбург қақпасы маңында, Гамбург портында және Мюнхен қаласында үлкен той-думан ұйымдастырылады.

Айта кетелік Астананың үш ауданында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтіп жатыр

Соңғы жаңалықтар