Аустралияда 16 жасқа толмаған балаларға YouTube аккаунттарына кіруге тыйым салынады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Аустралияда 16 жасқа толмаған балаларға YouTube сайтында аккаунт ашуға тыйым салынады. Бұл – жастарға арналған әлемдегі алғашқы әлеуметтік желілерге тыйым салудың бастамасы, деп хабарлайды Kazinform Euronews арнасына сілтеме жасап.

Аустралияда 16 жасқа толмаған балаларға YouTube аккаунттарына кіруге тыйым салынады
Фото: Freepik.com

Шешім елдің интернет реттеушісі өткен айда үкіметтен YouTube-ті 16 жасқа толмаған балаларға арналған әлеуметтік желілерге тыйым салуға қосуды сұрағаннан кейін қабылданды. Алдыңғы шешім YouTube-ке 2025 жылдың соңында күшіне енетін бұл саясатты айналып өтуге мүмкіндік берді. 

– Әлеуметтік медианың қоғамға зиянды екенін білеміз. Біздің үкімет пен парламент жас австралиялықтарды қорғау үшін әрекет етуге дайын, - деді Аустралия премьер-министрі Энтони Албанезе. 

16 жасқа толмаған балаларға Snapchat, TikTok, Facebook, Instagram және X сияқты желілерге де кіруге тыйым салынды. 

Көптеген аустралиялық кейбір жас шектеулерімен келісіп отыр. Өткен айда жүргізілген сауалнамада 10 респонденттің 9-ы әлеуметтік желілерде қандай да бір «жас шектеулері» болғанын қалайтындықтарын жеткізген. 

Аталмыш елде 10-15 жас аралығындағы 4 аустралиялықтың 3-еуі YouTube-ті пайдаланады. Бұл оларды TikTok және Instagram сияқты басқа ірі платформаларға қарағанда танымал етеді. 

Жаңа ережелерге сәйкес, 16 жасқа толмаған балалар YouTube-ке кіре алады, бірақ тіркеле алмайды. 

YouTube бұл мәселеге қатысты арнайы мәлімдеме де жасады. 

– Біздің ұстанымымыз анық: YouTube – бұл тегін, жоғары сапалы мазмұнды кітапханасы бар бейне алмасу платформасы, - деді компания өкілдері.  

Өз кезегінде аталған компания үкіметпен жұмыс істеуді жалғастыра отырып, аталған мәселе бойынша тиімді қадамдарды қарастырып жатқанын айтты. Аустралиялық БАҚ бұл заңды дау тудыруы мүмкін деп хабарлады. Тыйым ресми түрде 10 желтоқсанда күшіне енеді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін аустралиялық сенатор биткойнды «қаржылық пирамида» деп атап, оны сынға алғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар