Ауыл шаруашылығы министрі «Шапағат-сүт» ЖШС-інде болды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев Қызылорда облысындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалмен жете танысу мақсатында облыс орталығындағы «Шапағат-сүт» ЖШС-не қарасты наубайхана мен күріш кеспесін шығаратын кәсіпорнында болды.
«Шапағат-сүт» ЖШС-нің төрағасы Данияр Алдоңғаров наубайханада өндіріліп жатқан өнімдердің түр-түрлерімен таныстырды. Мұнда күніне 5000-7000 дана мөлшерінде нан және әр түрлі нан өнімдері шығарылады. Олар қаладағы 40-тан астам нүктелерде сатылып жатыр. Министр серіктестіктегі оң жұмыстарға жақсы баға берді.