Ауыл шаруашылығы жерлерін бақылауда жер инспекторлары тым жеткіліксіз - А.Күрішбаев

«Бізде жерді тексеретін инспекция дұрыстап жұмыс істеу керек. Жақында жер инспекторларымен сөйлестім. Қазақстан бойынша 100 млн гектар жеріміз бар дейміз ғой, соны қадағалайтын 217 ғана инспектор қызмет етуде. Мәселе, Ақмола облысында 12 жер инспекторы жұмыс істеп жатыр, яғни олар ауылшаруашылығына арналған 10 млн. гектар жерді тексеруі тиіс, соның ішінде 5 млн гектар егістік жер бар. Осы ретте Көкшетаудағы 12 инспектор екі көлікпен мұнша ауқымды жерді қалайша тексере алады. Инспекторлаар санын көбейту қажет және олар әрбір ауданда болуы тиіс»,-деді жұмыс тобының жетекшісі.
Оның айтуынша, бұл бағытта жерді пайдалануда көптеген заң бұзушылықтар орын алуда. Азаматтар үнемі шағымдарын жеткізуде.
«Жер инспекциясы әкімдердің қарауына ауысыпты. Мүмкін бұл дұрыс шығар, оны біз өңірлерге барғанда тағы да пысықтауымыз керек. Бірақ, бұл мәселеде бір сұрақ бар, яғни әкімдер өздері жерді береді, одан кейін өздері жерді бақылайды. Бұл ретте бізде осындай сауал туындап тұр»,-деді А. Күрішбаев комиссия отырысында.