Ауыл шаруашылық кооперативтеріне арнайы салық жеңілдіктері қарастырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауыл шаруашылық кооперативтеріне арнайы салық режімі енгізілетін болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, осы саланы дамыту мақсатында «Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы» жаңа заң жасақталуда. Осы заңның аясында ауыл шаруашылық кооперативтері коммерциялық ұйым ретінде саналатын болады. Осының арқасында кооперативтің кірістері кооперативтің ішкі дамуына бағытталады. «Кооператив қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ ауыл шаруашылығы серіктестіктеріне және ауыл шаруашылық тұтынушы кооперативтерге арнайы салық режімі сияқты мемлекеттік қолдаудың жоқтығын ескере отырып, оларды қолдау үшін ауыл шаруашылық кооперативтеріне арнайы салық режімі енгізіледі. Соған орай, міндетті ішкі аудит жасалады және оның құнына шаққанда 50 пайызға дейін субсидиялау мүмкіндігі болады», - деді ол.

Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда.

Соңғы жаңалықтар