Австрия Қазақстанмен арадағы екіжақты байланыстарды нығайтуға және дамытуға дайын

ЛМАТЫ. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Данияр Сихымбаев/ - Алматыда ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі аясында ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев жұма күні, шілденің 16-сында Австрияның Еуропалық және халықаралық істер министрі Михаель Шпинделеггермен кездесу өткізді.

Австрия Қазақстанмен арадағы екіжақты байланыстарды нығайтуға және дамытуға дайын

«Мен Қанат Саудабаевты оның басшылығы арқасында ЕҚЫҰ осы жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерімен құттықтадым, - деп атап өтті М.Шпинделеггер. - Оның жұмысы төраға ретінде өте маңызды. Қ.Саудабаев ЕҚЫҰ алдында қазіргі уақытта тұрған ең басты проблемалардың бірі - Қырғызстандағы жағдайға байланысты ақпармен қамтамасыз етті».

«Біз биылғы жылы ЕҚЫҰ Саммитін өткізу перспективаларын талқыладық. Австрия Қазақстанның осы саммитті өткізу туралы ұсынысын қолдап отыр. Бізде Қазақстанмен қарым-қатынастар жақсы деңгейде, Австрия екіжақты қарым-қатынастарды, әсіресе экономикалық салада да кеңейтіп, нығайтуға дайынбыз. Осы сөзімізге дәлел ретінде, Астанадағы Сауда-өнеркәсіптік палатасының құрылуын атай аламыз. Бізде нақты жобалар көптеп болады деп үміттенеміз», - деді Австрияның Еуропалық және халықаралық істер министрі.