Австриялық фирмалардың Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасына қатысу мүмкіндігі талқыланды -Вена
деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.
Сәуірдің 1-інде өткен кездесудің барысында қазақстан-австрия ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен оны әрі қарай дамытудың келешегі талқыланды. Й.Майер Қазақстандағы ағымдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалмен таныстырылды. 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының баптарына ерекше тоқталған тараптар, австриялық фирмалардың оны жүзеге асыруға атсалысу мүмкіндігін талқылады.
Тараптар сондай-ақ, 2009 жылы Қазақстан мен Австрияның арасындағы екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастың жоғары болғанын, екі елдің арасындағы тауар айналымы 1,5 миллиард еуроға жетіп, ал Австриядан Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың көлемі 3 миллиард доллардан асқанын атап көрсетті.