Автокөлік суға батып кеткен: Қапшағайда екі әйел құтқарылды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Қапшағай су қоймасында жеңіл автокөлік мұзды жарып, суға батып кеткен. Бұл жөнінде ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Автокөлік суға батып кеткен: Қапшағайда екі әйел құтқарылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

«Қапшағай су қоймасында жеңіл автокөлік мұз астына түсіп кетті. Көліктің ішінде қиын жағдайға тап болған екі әйел болған. Оқиға орнына ТТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу жіберілді», делінген ТЖМ хабарламасында. 

Құтқарушылар зардап шеккендерге жетудің шараларын ұйымдастырған. Барынша сақтандыруды қамтамасыз етіп, мұз үстінде жұмыс істеу үшін арнайы жабдықтарды қолданған.

Нәтижесінде көліктен аман-есен шығарылған екі әйел жағаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек сол жерде көрсетілген.

Еске сала кетейік, жуырда Павлодарда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылған еді.

Соңғы жаңалықтар