Автонесиеге бөлінген 15 млрд. теңгенің 70 пайызы игерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екінші деңгейлі банктері жеңілдікті автонесиеге бөлінген қаражаттың 70 пайызға жуық сомасын игеріп үлгерді. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Инвестиция және даму министрлігі индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов мәлім етті.

Автонесиеге бөлінген 15 млрд. теңгенің 70 пайызы игерілді

"Автонесиені жеңілдікпен беру мақсатында бөлінген 15 млрд. теңгенің 68,8 пайызы игерілді", - деді ол.

Жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасының операторы Қазақстанның даму банкі болып табылады. ҚДБ екінші деңгейлі банктерге келіп түскен өтініштерді қарастырып, оның отандық көліктерге үлестірілуін қадағалайды. Ал екінші деңгейлі банктер несие алушылардың қаржылық қабілетін саралайды. Айта кетейік, несиенің номиналды пайыздық мөлшерлемесі 4 пайыздан аспайды.