Аязда ашыққан сібір еліктері Көкшетау мен Атбасар көшелерін кезіп жүр

Ақмола облысында ашыққан сібір еліктері адасып, елдімекен көшелерінде жүр, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

жануарлар
Фото: видеодан алынған скрин

Әлеуметтік желіде Көкшетау, Атбасар қалаларының көшелерінде, автокөлік жолдарында шауып жүрген еліктердің бейнежазбалары желдей есіп жүр.

Желі қолданушылардың сөзінше, жабайы жануарлардың қарны аш, қытымыр аязда қорек таба алмай, елді мекендерге кіруге мәжбүр.

Мына бір бейнежазбада Көкшетау қаласының «Сарыарқа» шағынауданындағы үйлердің ауласында шауып барады.

Ал №17 орта мектептің аумағында темір шарбаққа қысылып қалған елікті тұрғындар құтқарды.

Босаған елік өз жөнімен шауып кете барды. Патрульдік полицейлер жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін жануарды жолдан шығарып салды.

Сібір елігі Атбасар ауданында да бейнежазбаға түсіп қалды. Атбасар қаласының көшесінде де адасып қалған еліктің лағын тұрғындар қызықтады.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Бурабай» ұлттық паркінің қызметкерлері Қызыл кітапқа енген аққуды құтқарған болатын. 

Соңғы жаңалықтар