Айбек Смадияров қазақ-ауған ынтымақтастығы туралы: Мұның саяси жағы да бар

АСТАНА.KAZINFORM – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның кезекті баспасөз мәслихатында қазақ-ауған ынтымақтастығының арту себебін атады.

Қазақстан–Ауғанстан бизнес форумы
Фото: Үкімет

- Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға жуық. Есебіне баға беріңіз, Еуропаның бірнеше елімен арадағы тауар айналымын қосқанның өзінде ондай сома шықпауы мүмкін. Сондықтан біз олармен жақсы сауда жүргіземіз. Біздің Сауда және интеграция министрлігі бірнеше рет бизнес форум өткізді. Сондықтан бұл көршімен әлі де келешекте жұмыс істейміз деп үміттенеміз. 40 миллионға жуық халқы бар елмен қалай жұмыс істемейміз? Астана халықаралық форумына шақырғанымыз, бірнеше екіжақты жоба бар. Оларды келешекте айта жатамыз, - деді ол.

Сондай-ақ ол Алматыда БҰҰ хабы ашылатынын еске салды.

- Бұл ынтымақтастықтың саяси мағынасы да бар. Алматыда БҰҰ-ның арнайы хабы ашылайын деп жатыр. Ол хаб Ауғанстан мәселесіне де арналған. Сондықтан біз Ауғанстанмен тығыз жұмыс істеуге үміттенеміз, - деді Айбек Смадияров.

Журналистер екі ел азаматтарының виза рәсімдеу процесі қашан жеңілдейтінін сұраған.

- Жоқ әлі. Оған ерте. Тек сауда жасап жатырмыз, - деді СІМ ресми өкілі, - деді СІМ ресми өкілі.

Еске салсақ, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Қазақстан Ауғанстаннан берилий шикізатын импорттауы мүмкін екенін мәлім еткен еді. 

Соңғы жаңалықтар