Айдана Убайдуллақызы айқын басымдықпен жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында U19 санатындағы Айдана Убайдуллақызы (80 келі) алғашқы жекпе-жегін өткізді.
Жартылай финалда отандасымыз Қырғызстан өкілі Мирим Чинбековамен кездесіп, айқын басымдық танытты.
Екінші раундта Айдана қарсыласын үш мәрте нокдаунға жіберді. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатып, қазақстандық боксшының техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін жариялады.
Айта кетелік Азия чемпионаты: бүгін қай боксшылар ел намысын қорғайтыны туралы жазған едік.