Айдын Айымбетовке отандастары сәт-сапар тіледі - Қызылорда облысы (ФОТО)

Айдын Айымбетов ғарышқа екінші борт инженер ретінде ұшатын болады. Онымен бірге Ресейдің ғарышкері Волков және даниялық ғарышкер Могенсен ұшпақ.
- Маған осындай үлкен сенім артып жатқандарыңызға алғыс білдіремін және сенімдеріңізді ақтауға бар күш-жігерімді саламын. Қазақ елінің ғарыш саласындағы жетістіктері үшін қуаныштымын. Менің ойымша, бұл сапар отандық ғылымға үлкен серпіліс беріп, одан әрі дамуына үлес қосады, - деді ғарышкер Айдын Айымбетов.
- Білім күнінде қызылордалық оқушылармен кездескенімде барлығы «Айдын ағаның жолы болсын!» деп ыстық сәлемдерін жолдады. Отандастарымыз үшін бұл үлкен жаңалық. Сапарың сәтті болсын, - деді Қ.Көшербаев, ғарышкерге.
Үкімет басшысының орынбасары «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің мүшесі Айдын Айымбетовке Қазақстан Республикасының Туы мен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі мен Қазақстан Ассамблеясының жалауын табыс етті. Сондай-ақ, жыршы-термешілер ғарышкерлерге арнау арнап, сапарларының сәтті болуына тілектестіктерін жеткізді.