Әйелі күйеуінен зәбір көргенін айтты: әкімнің әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысындағы аудан әкімінің әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі.

Әйел күйеуінен зәбір көргенін айтты: әкімнің әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі
Фото: gov.kz

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аудан әкімінің бұрынғы жұбайы әкімдікке жүгінбеген.

«Азаматша А.Үмбетқалиева Атырау облысының әкімдігіне жүгінбегенін хабарлаймыз. Туындаған мән-жайларға байланысты қызметтік тексеру тағайындалды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ал Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі аудан әкіміне қатысты қылмыстық істің қаралып жатқанын растады.

«Қылмыстық іс Атырау қаласының №2 сотында қаралып жатыр. Келесі сот отырысы 29 мамырда сағат 10:00-де өтеді», - деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, Атырауда аудан әкімінің әйелі күйеуінен зәбір көргенін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар