Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы өзгерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Жарлығымен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы өзгерді. ҚазАқпарат тиісті құжаттың толық мәтінін жариялайды.

Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы өзгерді

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы


1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

7-тармақта:

«, хатшыдан» деген сөз алып тасталсын;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Комиссия қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесіне кіретін тиісті сектор жүзеге асырады.»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:

«Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)» деген жолдың алдында мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Балаева Аида Ғалымқызы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төраға»;

«Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Әбден Қарақат Жақсылыққызы

–

«Қазақ қызы» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша),

Әбдірахманова Алина Бауыржанқызы

–

кәсіпкер, «М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамының бизнес-мектебінің басшысы (келісім бойынша),

Байсақова Зульфия Мұхамедбекқызы

–

«Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша),

Гурина Марианна

–

«Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша),

Демесінова Лаура Бағланқызы

–

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының инвесторлармен жұмыс және бизнесті қолдау секторының басшысы (келісім бойынша),

Жанғазинова Назым Жәнібекқызы

–

«NazymPR» коммуникациялық агенттігінің негізін қалаушы (келісім бойынша),

Жандосова Баян Айтбекқызы

–

«Қазақстан Республикасының республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы «Шымкент қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша),

Жүгінісова Айнұр Серікқызы

–

кәсіпкер, продюсер, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша),

Имашева Снежанна Валерьевна

–

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша),

Исина Айман Байболқызы

–

«Жезқазған қаласы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша),

Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы

–

«Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша),

Қанай Гүлмира Әмірханқызы

–

«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры (келісім бойынша),

Қарабасова Лаура Чапайқызы

–

«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша),

Құсаин Динара Кабдылхаққызы

–

отбасылық даму және балалар қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі сарапшы, «Amansabi.kz» балалар қауіпсіздігі жөніндегі ресурстың негізін қалаушы (келісім бойынша),

Миронюк Татьяна Александровна

–

«Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша),

Молдашева Рыиза Асанқызы

–

«Семей таңы газеттері – Вести Семей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – бас редакторы (келісім бойынша),

Мұхтарова Найля Алтайқызы

–

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту департаментінің директоры,

Нұрашева Бибігүл Шәкірбайқызы

–

еңбек және кәсіподақ құқығы саласындағы сарапшы, «Academy of labour relations» бас директоры (келісім бойынша),

Омарова Айман Мұратқызы

–

адвокат, құқық қорғаушы, «AU» онлайн-құқықтық мектебінің негізін қалаушы (келісім бойынша),

Омарова Гүлнар Мансұрқызы

–

«Senimen Bolashaq» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының кеңесшісі (келісім бойынша),

Паули Элина Сергеевна

–

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары,

Семидоцких Елена Александровна

–

кәсіпкер, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар ұйымының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Солтүстік Қазақстан облысы Аналар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша),

Тасбергенова Гаухар Қошқарбайқызы

–

«Рухани Қазына» қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша),

Төленбаева Клара Мүфтиқызы

–

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі (келісім бойынша),

Цветкова Татьяна Ивановна

–

«Өскемен қаласының іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы (келісім бойынша),

Шалабаева Гүлмира Кенжеболатқызы

–

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша),

Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы

–

Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша),

Шөжеева Әзиза Тимурқызы

–

кәсіпкер, «Techno Woman» коммерциялық емес ұйымының президенті, «Цифрлық трансформация» қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша),

Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы

–

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Халықаралық қатынастар факультетінің аға оқытушысы, Қазақстандық қоғамдық даму институтының талдау және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының талдаушы-менеджері, саясаттанушы (келісім бойынша);

аталған комиссия құрамынан: Э.Ә. Азимова, М.Д. Айтмағанбет, С.М. Айтпаева, Л.Ж. Ахмурзина, А.И. Әбибуллаева, М.Ә. Әкімжанова, С.Б. Байқошқарова, Г.А. Бөрібаева, Л.Е. Ибрагимова, Л.М. Қалтаева, Д.Т. Мұқаев, А.Қ. Мұсақожаева, С.А. Назарбаева, Д.Ж. Нөкетаева, Н.Е. Сағындықова, С.Х. Салихова, Р.Б. Сәрсембаева, Б. Смағұл, Қ.А. Сүлейменова, Б.С. Тұтқышев, Ә.Ү. Хайруллина, Қ.Ә. Шайх, З.К. Шәукенова шығарылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 17 мамыр

№ 894