Әйелдер күресі: Айша Әбдімәлік U17 әлем чемпионатының алтын жүлдесіне таласады
АСТАНА. KAZINFORM — Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айша Әбдімәлік Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алтын медаль үшін таласады.
Спортшы 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Жартылай финалда қазақстандық балуан грекиялық Василики Каравануды сенімді түрде жеңді.
Айшаның келесі қарсыласы — Ариунул Болдбаатар (Моңғолия).
Айта кетейік, 49 келіге дейінгі салмақта Аянат Мейнамбай қола жүлде үшін күреседі. Оның қарсыласы жұбаныш кезеңіндегі кездесулерден кейін анықталады.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық спортшылар пара оқ атудан әлем кубогында 4 медаль еншілегенін жазғанбыз.