Әйелдер вагондарымен 860 мың жолаушы тасымалданды – ҚТЖ

АСТАНА. KAZINFORM – Қауіпсіздікті күшейту мақсатында әйелдер вагондарының саны ұлғайтылады. Бұл жөнінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында мәлімдеді.

әйелдер вагоны
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

– Әйелдер вагондарында жалпы 860 мыңдай жолаушы тасымалданды. Ал биыл жыл басынан бері бұл көрсеткіш – жүз мың адам. Ондай вагондарда қызмет көрсететін жолсеріктер де – әйелдер. Қауіпсіздік қамтамасыз етілген. Әйелдер вагондарының санын көбейтіп жатырмыз. Қазір ондай вагондар 12 бағыт бойынша қатынайды, – деді ол. 

Айта кетейік, бұған дейін биыл теміржол арқылы 131 млн тонна жүк тасымалданғанын жазғанбыз.