Биыл теміржол арқылы 131 млн тонна жүк тасымалданды
АСТАНА. KAZINFORM — Теміржол арқылы жүк тасымалының көлемі артып келеді. Бұл жөнінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Үкімет отырысында мәлімдеді.
— Биыл алғашқы бес айда 131 млн тонна жүк тасымалданды, яғни былтырғы аталған кезеңмен салыстырғанда, 3%-ға жоғары. Соның ішінде экспорт тасымалы 8%-ға өсіп, 38 млн тоннаға жетті. Транзиттік тасымалда да өсім байқалады. Көрсеткіш 13%-ға жоғарылап, 15 млн тонна болды. ҚТЖ биыл 55 млн тонна транзиттік жүк өткізуге дайын, — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның контейнерлік тасымалы және транзит қалай теміржолдың жаңа экономикасына айналып жатқанын жазғанбыз.