Әйелдер вагоны іске қосылғалы оны 822 мыңнан астам адам пайдаланған

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында әйелдерге арналған вагондар қызметі іске қосылғаннан бері оны 822 мыңнан астам әйел жолаушы пайдаланған, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

Около 822 тысяч казахстанок воспользовались женскими вагонами
Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Бұл дерек аталған сервистің өзектілігін және теміржол көлігін қолайлы қатынас құралы ретінде таңдайтын әйелдер арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Қазіргі уақытта әйелдер вагондары төмендегі 12 бағытта қатынайды:

• № 77/78 «Алматы — Маңғыстау»,

• № 351/352 «Алматы — Маңғыстау»,

• № 45/46 «Павлодар — Түркістан»,

• № 37/38 «Маңғыстау — Семей»,

• № 47/48 «Атырау — Астана»,

• № 33/34 «Ақтөбе — Алматы»,

• № 4/3 «Астана — Алматы»,

• № 71/72 «Астана — Шымкент»,

• № 354/353 «Астана — Семей»,

• № 24/23 «Ақтөбе — Алматы»,

• № 25/26 «Алматы — Шымкент»,

• № 614/613 «Орал — Маңғыстау».

— Аталған вагондарға билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады. Сонымен қатар, бұл вагондарда әйел жолсеріктер ғана қызмет көрсетеді. Әйел жолаушылармен бірге жеті жасқа дейінгі ер балалардың жол жүруіне рұқсат етіледі, — делінген хабарламада.

Порядка 822 тысяч пассажирок воспользовались женскими вагонами
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Әйелдер вагонына билет вокзал кассаларында немесе bilet.railways.kz ресми сайты арқылы онлайн түрде рәсімделеді. Онлайн сатып алу кезінде билетте көрсетілген «ЖН» белгісіне назар аудару қажет — бұл таңдалған орынның әйелдер вагонында екенін білдіреді. Билеттерді сату пойыздың жөнелтілуіне 45 күн қалғанда ашылады, бұл жолаушыларға сапарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Сыған дейін пойызда алып жүруге тыйым салынған заттар туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум