Әйеліне зәбір көрсеткен Мақат ауданының экс-әкімі шартты жазамен құтылды

Экс-аким района получил 2 года ограничения свободы за избиение супруги
Kazinform коллажы

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласының №2 сотында Мақат ауданның бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимовке қатысты іс қаралды. Бұрынғы әкімге ҚР Қылмыстық кодекстің 107 бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен айып тағылған.

Экс-әкімнің бұрынғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиева күйеуі Ринат Ибрагимовтен зәбір көргенін айтып, әлеуметтік желіде видео жариялаған еді. 

Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал 2023 жылғы 31 мамырда Атырау қаласындағы пәтерде болған.

Жанжал кезінде Ринат Ибрагимов жәбірленушінің өзіне материалдық тәуелділігін пайдаланып, осы негізде ұрыс шығарған. Әйелі Ақмарал Үмбетқалиеваның оң иығынан ұстап, есікті жауып, бөлмеге кіргізген.

 Ешкімнің кедергі жасамайтынына көз жеткізіп, денсаулығына қасақана зиян келтіру мақсатында әйелін еденге құлатқан.

Сол жақ санынан бірнеше рет тепкілеген, соның салдарынан жәбірленуші Ақмарал Үмбетқалиеваның 5-ші омыртқасы сынып, ығысусыз орташа ауырлықтағы зақым алған.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

Бұл қылмыс заң бойынша орташа ауырлық дәрежесіне жатқызылады.

«Жаза түрін таңдау кезінде Ринат Ибрагимовтың бұрын сотталмағаны, мінезі оң сипатталғаны ескерілді. Сот үкімімен оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Жәбірленушінің 20 млн теңге моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, Ринат Ибрагимовтен жәбірленуші Ақмарал Үмбетқалиеваның пайдасына 2 млн теңге моральдық зиянды өтейтін болды», -деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда аудан әкімінің әйелі күйеуінен зәбір көргенін айтқан еді. 

Кейін аудан әкімнің әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізілетінін жазған болатынбыз 

Аудан әкімі Ренат Ибрагимов әйелінің айыптауына байланысты пікір білдіріп, өзінің кінәсіз екенін жеткізді. 

Соңыра Атырау облысындағы Мақат ауданының әкімі қызметінен кетті. 

Соңғы жаңалықтар