Әйгілі Backstreet Boys Алматыға келді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыға әлемдік поп-мәдениет аңыздарына айналған топ — Backstreet Boys келді.

Әйгілі Backstreet Boys Алматыға келді
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде әуежайда музыканттарды жылы шыраймен қарсы алған сәттердің кадрлары тарады. Әртістерге сый-сияпат көрсетіліп, қазақы тақия мен «Қазақстан» шоколады табыс етілді.

Еске салайық, көптен күткен концерт 19-қыркүйекте қаланың Орталық стадионында өтеді. Бұл іс-шараға шамамен 27 мың көрермен жиналады деп жоспарланған. Концерт кезінде тәртіпті қадағалау үшін 2100-ден астам полиция қызметкері, 500 ұлттық гвардия әскері және 200 күзетші жұмылдырылады.

Алматы әкімдігі басты назар қауіпсіздікке, көрермендердің жайлылығына және ұйымдастыру сапасына аударылатынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар