Айына 500-600 мың теңге: Еңбек вице-министрі отбасының шығындарын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев ай сайын өз отбасын асырауға қанша қаражат жұмсалатынын айтты.

Аскарбек Ертаев
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

- Менімен бірге тұратын төрт балам бар, олардың екеуі кәмелетке толған және қазір жұмыс істеп жүр. Ал қалған екеуіне зайыбым екеуіміз қарап жүрміз. Әйелім жұмыс істемейді, себебі кенже ұлым үш жаста, балабақшаға барады. Орта есеппен 500-600 мың теңге жұмсаймыз. Бұған балабақша ақысы, сондай-ақ қызымның үйірмелеріне жұмсалатын қаражат және отбасымыздың өзге де шығындары кіреді, - деді А. Ертаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар вице-министр өзінің жалақысына қатысты нақты мәліметті жарияламады.

- Жалақымыз Үкімет қаулысымен реттеледі және «қызмет бабында пайдалану» санатындағы (таратылуы шектелген) ақпаратқа жатады. Егер хат түрінде сұрау салсаңыз, онда жазбаша жауап беремін, - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны (131-конвенция) ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.

 

Соңғы жаңалықтар