Аймағамбетов колледжге тапсырушылардың аздығын түсіндіру жұмыстарының кемшілігі деп санайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Колледждерге талапкерлерді тарту жұмысы жеткіліксіз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ақпараттық жұмыс жеткіліксіз жүргізіліп жатыр. Биыл 45 мыңнан астам қосымша грант бөлінді. Бұл дегеніміз, 45 мыңнан астам бала тегін колледжде білім алу мүмкіндігіне ие болды деген сөз. Бірақ, енді осы ақпаратты барлық мектеп бітірушілерге және 9 сынып бітірушілеріне жеткізуміз керек. Олармен тиісті жұмыс жүргізу қажет. Әрине, сіздер оларға бармай қол қусырып отыра берсеңіздер, онда ешкім бұл ақпаратты білмейді, колледжге келмейді. Сондықтан бұл жұмыс қазіргі уақытта жеткіліксіз. Осы жұмысты білім басқармалары, колледждер әлеуметтік желіде тарату арқылы жандандырсын», - деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.

Министрдің атап өтуінше, бірнеше өңірде колледждерге мемлекеттік тапсырыс көлемі төмендеген.

«Бұл мәселені қайта қарастыруды тапсырамын. Төмендеу болмауы керек. Бұл Президенттің тапсырмасы болған. Қосымша республикалық бюджеттен грант беріп жатырмыз. Бірақ, бұл жергілік жерлердің мәселесі еді. Балалар жылы болғаннан кейін республикалық бюджеттен қаражат бөліп жатқанда жергілікті жерде грант санын азайту қисынсыз. Оған жол беруге болмайды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар