Айсұлтан Назарбаев «Сэндхерст» британдық Корольдік Әскери Академиясының ең үздік шетелдік студент-түлегі атанды

СТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Бэла Құдайбергенова/ - «Сэндхерст» Корольдік Әскери Академиясында оның 152-ші түлектері бітіруіне орай мерекелік шеру болып өтті. Академия түлектерінің арасында Қазақстанның азаматтары да бар.

Айсұлтан Назарбаев «Сэндхерст» британдық Корольдік Әскери Академиясының ең үздік шетелдік студент-түлегі атанды

Лондонның түбінде орналасқан Суррей графтығындағы «Сэндхерст» Корольдік Әскери академиясы - әлемнің элиталық әскери мектептерінің бірі. 300 жылға жуық дәстүрлері бар бұл академияның түлектері қатарында Уинстон Черчилль, Ұлыбританияның мұрагер ханзадалары Уильям мен Гарри, көптеген мемлекеттер мен үкімет басшылары бар. Қазақстандық Айсұлтан Назарбаев - академиядағы 152-ші лектің бітіруші кадеті.

«Бұл өмірімнің сірә, ең керемет күні шығар. Сенің отбасың саған қарап тұрғанда, мұнда шеруге шыққан қандай тамаша. Қазақстанға қайтып оралғанда бірден қорғаныс министрлігіне бармақшымын. Оның шешім қабылдап жіберген жеріне барып қызмет етемін», - дейді А.Назарбаев.

Айсұлтанның айтуынша, оқу бастапқыда өте қиын болған. Қазіргі бейбіт уақытта және соғыс кезінде басқару дағдыларын шыңдау, әртүрлі қару-жарақтардан ату әрі оған өзгені үйрету, таныстырылымдар өткізу, тіпті журналистермен жүздесу - мұндағы оқыту курсына енгізілген тізім осылай созыла береді.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Ұлыбританиядағы елшілігі әскери атташесі Марат Жұматаевтың атап өткеніндей, «Айсұлтан ең үздік шетелдік студент-түлек болып танылған. Мен бұл түлектің қазақстандық болғанын мақтан тұтамын. Ол оқу барысында жақсы дағдыларды, командирге қажетті сапаларды меңгерді және төзімділікке үйренді».

«Сэндхерст» КӘА оқытушысы, полковник Дэвид Хадсонның айтуынша, «Айсұлтан алдына мақсат қоя білетін жастардың бірі, ол «Сэндхерстте» оқу барысында өте табандылық көрсетіп, ұрыстағыдай әскери операцияларға қатысып «Ерлігі үшін» наградасымен марапатталды.

Ал «Сэндхерст» КӘА оқытушысы, лейтенант Уильямс былай деді: «Мен Назарбаевты бір жыл бойы жаттықтырдым, ол менің взводымда болды. Ол өте табанды, сонымен қатар қызметтестері арасында үлкен беделге ие болды, далалық жаттығуларда әрқашан да бірінші қатарда, ол бөлімшенің таңдаулы шетелдік кадеті атағына зор еңбек сіңірді, деп ойлаймын».

Шеруден кейін Айсұлтан Назарбаевқа Қазақстан қорғаныс министрлігінің бұйрығын оқыды және лейтенант погонын тапсырды. Жас лейтенантты ел Президентінің құттықтауы ерекше қымбат сый болды.

«Айсұлтан, сен біздің үмітімізді ақтадың, мен сенің табыстарыңды мақтаныш ететінімді жасырмаймын. Сен тәуелсіз Қазақстан жастарының қандай екенін лайықты көрсете білдің, бұл сенің еліміздің оң беделін нығайтуға қосқан жеке үлесің. Алған білімдерің мен көшбасшылық қасиеттерің өміріңде жаңа биіктерге жетуіңе жәрдемдесетініне сенемін», - делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың хатын А.Назарбаевқа Қазақстанның Ұлыбританиядағы және Солтүстік Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Әбусейітов тапсырды.