Азат елдің ақыны үшін байтақ елдің бақытын жырлағаннан асқан абырой жоқ - Мемлекеттік сыйлық иегері Н. Айтұлы

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның келешегіне, оның ұрпақтарының болашағына қызмет етуге біздер әрқашан да дайынбыз.

Азат елдің ақыны үшін байтақ елдің бақытын жырлағаннан асқан абырой жоқ - Мемлекеттік сыйлық иегері Н. Айтұлы

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  әдебиет пен өнер саласындағы 2012 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарын тапсыру кезінде ақын Несіпбек Айтұлы осылай айтты.

Мемлекеттік сыйлық Несіпбек Айтұлына «Арқатірек» поэмалар жинағы үшін берілді.

«Аса мәртебелі Нұраға! Қазақ әдебиеті үшін, қазақ өнері үшін Тәуелсіз еліміздің тарихынан бері жасап келе жатқан ұшан-теңіз қамқорлығыңыз үшін мыңда бір рахметімді айтқым келеді. Азат елдің ақыны үшін байтақ елдің бақытын жырлағаннан асқан абырой жоқ. Сіз әлемге танытқан Көк Туды Қазақстанның келешегіне, оның ұрпақтарының болашағына қызмет етуге біздер әрқашан да дайынбыз»,-деді Несіпбек Айтұлы Мемлекеттік сыйлықтарды тапсыру рәсімі барысында.