Әзербайжан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Загульба» резиденциясында қарсы алды

БАКУ. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Әзербайжан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Загульба» резиденциясында қарсы алды

Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі ел басшылары әскерилер сапын аралап өтті. Қазақстан мен Әзербайжанның әнұрандары шырқалды. Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегациялардың мүшелерін таныстырды.

Салтанатты шарадан кейін мемлекет басшыларының жеке кездесуі басталды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Әзербайжанға барды . Баку әуежайында Қазақстан Президентін Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов күтіп алды.



Фото : t.me/bort_01