Әзербайжан шекарасы арқылы Ираннан 6 қазақстандық эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM – «Астара» шекара бекетінде Қазақстанның 6 азаматы өз еліне қайту үшін Ираннан Әзербайжан шекарасын кесіп өтті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі report.az-ға сілтеме жасап. 

Әзербайжан шекарасы арқылы Ираннан 6 қазақстандық эвакуацияланды
Фото: report.az

Ираннан эвакуацияланғандар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Соның ішінде медициналық қызмет көрсету, таңғы ас және тағы да басқа қызмет түрлері бар. Адамдар таңғы асты шекара бекетінде де іше алады.

тамақтану
Фото: report.az

Шекарада эвакуацияланғандарды Қазақстан елшілігінің қызметкерлері күтіп алып, Бакуге алып кетті.

Шекарада эвакуацияланғандарды Қазақстан елшілігінің қызметкерлері күтіп алып, Бакуге алып кетті
Фото: report.az

Эвакуация жұмысы жалғасып жатыр. 

report.az
Фото: report.az

Бірнеше мемлекет Әзербайжан тарапынан Ирандағы өз азаматтарын кейіннен эвакуациялау мақсатында Әзербайжан аумағы арқылы елге қайтаруға көмектесуді сұрады.

report.az
Фото: report.az

Әзербайжан гуманизм қағидаттарын басшылыққа ала отырып, жоғарыда аталған адамдар тобының Астара шекара бекеті арқылы өтуіне қажетті жағдай жасады.

Еске салайық, жұмаға қараған түні Израиль Иран аумағына жаппай соққы жасады. Бұл шабуылдың салдарынан Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) бірқатар жоғары лауазымды командирі мен ядролық физика саласындағы ғалымдар қаза тапты. Иран сондай-ақ Натанз қаласындағы ядролық нысанның зақымданғанын растады, бірақ радиацияның таралу фактісін жоққа шығарды.

Сондай-ақ Иран Израильге зымыран атып, елде әуе дабылы жарияланғанын жазғанбыз.

Кейіннен Иранның зымыран шабуылынан 21 адам зардап шеккені белгілі болды.

Бұған дейін Қазақстан Таяу Шығыс елдеріне әуе кеңістігін жапқаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар