16:02, 26 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Әзербайжанда мұнай тиеген жүк пойызы өртке оранды
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанның Шамкир ауданы аумағында мұнай тиеген жүк пойызы өртке оранды.

Оқиға бүгін сенбіге қараған түнде сағат 2 шамасында Шамкир ауданындағы темір жол стансасы аумағында болды.
Оқиға бойынша, Грузиядан Бакуге мұнай тасымалдап келе жатқан жүк пойызы вагондарының бірінен өрт шықты. Оқиға орнына бірден өрт сөндіру мемлекеттік қызметінің құтқарушылары мен техникалары жұмылдырылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде жалын пойыздың басқа вагондарына тарап үлгермеді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.