14:04, 21 Қараша 2025 | GMT +5
Ажар Салықова Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Ажар Салықова Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Отандасымыз 63 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Бұл санатта жекпе-жектер айналмалы жүйе бойынша өтті.
Салықова алдымен БАӘ спортшысы Шамма Алькальбаниге жол берді, ал кейін Алжир елінің өкілі Омрани Фадияны ұтты.
Осылайша, Ажар Салықова жалпы есепте екінші орын алды.
Бұдан бұрын қазақстандық семсерлесушілер Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шыққаны анықталды.