Хоккей: Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА.  KAZINFORM - Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында қатарынан екінші рет жеңіске жетті. 

Азиада-2025: Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді
Фото: Спорт комитеті

Қазақстан құрамасы В тобындағы екінші ойында Таиланд құрамасымен кездесті. 

Үш кезеңде қыздарымыз қарсылас қақпасына 9 гол соғып, жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы София Зубкова ойында 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Ал Мунира Саяхатқызы, Александра Шегай, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова және Анна Пяткова 1 голдан салды.

Айта кетейік, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді.

Спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады

Еске салсақ, хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы кеше В тобындағы алғашқы ойында Гонконгты 12:0 есебімен ойсырата жеңді

Соңғы жаңалықтар