Қысқы Азиада: Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Гонконгты 12:0 есебімен жеңді
АСТАНА. KAZINFORM - Қытайда өтіп жатқан Қысқы Азия ойындарында шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Гонконгты ойсырата жеңді.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Гонконг, Таиланд, Қытайлық Тайпей және Оңтүстік Корея.
Бүгінгі кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер сенімді ойын көрсетіп, 12:0 есебімен жеңіске жетті. Алғашқы кезеңде олардың қатарынан Мунира Саяхатқызы 8, Дильназ Саяхатқызы 11, 18, Лариса Свиридова 13-минутта мергендік танытты.
Екінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер тағы бес шайба соқты. Бұл голарды Мәдина Тұрсынова 21, Анастасия Оразбаева 24, Дильназ Саяхатқызы 26, София Зубкова 28, Мәдина Саяхатқызы 29-минутта өзінің еншісіне жазды.
Ал үшінші кезеңде Дария Молдабай 41, Мәдина Саяхатқызы 46, Екатерина Куценко 48-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Енді қазақстандық хоккейші қыздар алдағы ойынын 4 ақпанда Таиландқа қарсы өткізеді.