Азиада-2026: Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан күміс жүлде еншіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Отандасымыз 69 келіге дейінгі салмақтың финалында БАӘ өкілі Ахмед Андизбен жолығып, қарсыласына 2:0 есебімен жол берді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Осылайша Нұржан Батырбеков Азиаданы күміс медальмен аяқтады.
Бұл оның екінші медалі.
Бұған дейін қазақстандық спортшы Ханчжоу-2022 ойындарында алтын алған еді.
Бұдан бұрын Екатерина Таранцева слаломда есуден Азиаданың қола жүлдегері атанғанын жаздық.