Екатерина Таранцева слаломда есуден Азиаданың қола жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында слаломда есуден жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әйелдер арасында кайак сайысы бойынша Екатерина Таранцева да 112.23 ұпаймен 3-орын алды. Бірінші орынды Жапония спортшысы жеңіп алса, күміс жүлде Қытайға бұйырды.
Ерлер арасындағы каноэден финалда Александр Куликов 156.52 ұпай жинап, 5-орынға тұрақтады.
Осыған дейін қазақстандық екі ескекшінің Азиаданың финалына жолдама алғаны туралы жаздық.