Азиаданың медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы бүгін қай орында тұр
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы бүгінгі екі алтын жүлдеден кейін қай орында тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін қазақстандық Алексей Луценко Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында шосседегі веложарыста жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, қазақстандық ескекшілер Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров үздік болды.
Қазір ел құрамасының еншісінде 43 медаль (5 алтын, 9 күміс, 29 қола) бар.
Қазақстан медальдар кестесінде 12-орында тұр.
Бұл жөнінен Қытай 277 медаль алып, (153 алтын, 82 күміс, 42 қола) көш бастаған.
Одан кейінгі орындар Оңтүстік Корея (136 медаль: 31 алтын, 42 күміс, 63 қола) мен Жапонияның (125 медаль: 33 алтын, 45 күміс, 47 қола) еншісінде.
Алғашқы ондықтағы құрамалар тізімі:
Қытай - 153-82-42 (277)
Оңтүстік Корея - 31-42-63 (136)
Жапония - 30-35-59 (124)
Үндістан - 13-24-25 (62)
Өзбекстан - 13-14-21 (48)
Тайвань - 12-10-17 (39)
Таиланд - 9-10-14 (20)
Солтүстік Корея - 7-10-5 (22)
Гонконг - 6-5-24 (45)
Бахрейн - 6-1-4 (11)
Қазақстан - 5-9-29 (43).