Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Әзірбайжан саясаттанушылары Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығындағы ролін талқылады

p; Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Оңтүстік Кавказ елдеріне жоспарланған сапарының қарсаңында Бакудегі «Жаңалықтар» халықаралық баспасөз орталығында саясаткерлердің дискуссиялық клубының «ЕҚЫҰ-ның жаңа төрағасының оңтүстік-кавказ өңіріне алғашқы сапары: мүмкіндіктер мен болжамдар» деген тақырыптағы кезекті отырысы өтті.

Әзірбайжан  саясаттанушылары  Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығындағы ролін талқылады

«Дөңгелек үстел» басында сөз сөйлеген «Ашық қоғам институтының» басқарма төрағасы Зардушт Ализаде, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы - аталмыш ұйымның 2010 жылдағы қызметінде оң фактор болатынын атап көрсетті. Саясаттанушының айтуынша, Қазақстан мен оның Президенті ұлтаралық қайшылықтарды реттеуде мол және оң тәжірибеге ие.

Саясаттанушы сондай-ақ Таулы Қарабақ проблемасын реттеудегі ЕҚЫҰ-ның роліне тоқталып өтті.

Қарабақ мәселесін реттеудің уақыты өтіп жатыр, бірақ түрлі деңгейдегі кездесулер мен келіссөздерден басқа, ешқандай ілгерілеушілік көріп отырған жоқпын», деген З.Ализаде мырза, Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағасы ретінде осынау келіссөздердің аясын кеңейтіп, жаңа модельдер ұсына алатынын пайымдады.

Саясаттанушы Октай Садықзаде өз кезегінде, Минск тобы Қарабақ қақтығысын реттеуде арағайын болу құқығына ие болған ЕҚЫҰ-ның жарғысы өз ішінде қарама-қайшылыққа толы екенін атап көрсетті. «Мемлекеттік аумақтық тұтастық қағидасы туралы Жарғының 3-ші және 9-шы баптары, ұлттардың дербестік құқықтарына қатысты 4-ші бабына қайшы келеді. Және бұл құқық, ұлттың мемлекеттің құрамынан шығатынын бір мағыналы негізде білдірмейді, бірақ ЕҚЫҰ құжаттарында ұлттардың өз дербестік құқығын жүзеге асыру тетігі нақтыланбаған», дейді саясаттанушы.

«Косованың жеке мемлекет болу құқығын таныған АҚШ жағдайды қиындатып отыр. Одан кейін Ресей де Абхазия мен Оңтүстік Осетияның мемлекеттілігін таныды. Міне осы халықаралық оқиғаларды арқа тұтқан армяндар, Югославия мен Грузиядағы жағдайлар оларға Әзірбайжан жерінде өз мемлекетін құру құқығын жүзеге асыруды талап етуге моральдық құқық береді деп санап отыр», дейді О.Садықзаде.

«Дөңгелек үстел» басында осынау мәселеге қатысты өз пікірлерін білдірген әзірбайжандық саясаттанушылар, Қазақстанның Таулы Қарабақ проблемасын «орнынан қозғалта» алатындығына үміт білдіріп отыр.