Әзірге Қазақстанның 5 өңірінің бастауыш сынып оқушылары ғана тегін тамақтандырылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бес өңірінің орта мектептерінде 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтандырылуда. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Есенғазы Иманғалиев мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша 2014 жылы 29 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізі туралы» ҚР Заңы күшіне енді. Онда қабылданған жаңа ережелер мен қағидалар 2014 жылдың 1 маусымында күшіне енетін болады.

Жаңа заңға сәйкес, енді басқа өңірлердің жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджет арқылы өз өңірлеріндегі орта мектеп оқушыларын тегін тамақтандыру жолдарын қарастыратын болады.

Әзірге тек бес өңірде, яғни Алматы, Астана қалалары және Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының орта мектептерінде 1-4 сынып оқушылары күніне бір мезгіл түсте тегін тамақтандырылып жатыр. Бір балаға жұмсалатын қаржы орта есеппен 300 теңге.

Соңғы жаңалықтар