Азия чемпионаты: байдаркамен жарыста Стелла Суханова күміс алды
АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдеге қол жеткізді.

Ел құрамасынан Стелла Суханова 1000 метрге байдаркамен жарыста күміс жүлдегер атанды. Аталған қашықтықта бас жүлде Қытай спортшысына бұйырса, үздік үштікті ирандық спортшылар түйіндеді.
Айта кетсек, ел құрамасы сапында 40 адамнан тұратын делегация құрлықтық додаға аттанды. Делегация құрамында спортшы, жаттықтырушы, басшылар мен ресми өкілдер бар. Жарыста 24 отандасымыз жүлдеге таласады.
Ұлттық құрамада Сергей Емельянов, Тимофей Емельянов, Сергей Токарницкий, Мария Бровкова сынды белгілі спортшылар ел намысын қорғайды.
Құрлықтық додаға биыл Азияның 20 мемлекетінен 340 спортшы келді.
Азия чемпионаты 1985 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.