Азия чемпионаты: Екі дзюдошымыз мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM — Ордос қаласында (ҚХР) өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында жарыстың екінші күніндегі белдесулер жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандастарымыз Абылайхан Жұбаназар мен Әділет Алмат (-81 кг) қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңіп, ширек финалға шықты.

Абылайхан қытайлық Ши Чжэньюйді жеңсе, Әділет Қырғызстан өкілі Чынгызхан Сағыналиевтен басым түсті.

Бұған дейін осы кезеңде (-73 кг) салмақта өнер көрсеткен Әсет Қуанов қытайлық Линь Гаохуэйге есе жіберді.
Осыған дейін дзюдошы Дана Әбдірова Азия чемпионатының ширек финалына өткенін жаздық.