Азия чемпионаты: Қазақстандық волейболшылар жарыстың келесі сатысына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жарыстың келесі сатысына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстандық волейболшылар D тобында сынға түсті. Алдымен Филиппинді тай-брейкте 3:2 (25:21, 17:25, 24:26, 27:25, 15:6) есебімен жеңсе, одан кейін Гонконгты 3:0 (25:16, 25:23, 25:17) есебімен сүріндірді.

Бүгін, 1 қыркүйекте Қытайдан 0:3 (12:25, 21:25, 10:25 ) есебімен жеңілді.

Соған қарамастан өз тобында екінші орын алып, енді 5-8 орындар үшін сайысқа түседі.

Айта кетсек, қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатына 12 мәрте қатысып отыр. Әзірге ең үздік жетістігі – 2005 жылы алған күміс медаль.

Құрлықтық дода 6 қыркүйекте мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар