Азия даму банкі Қазақстанда қатысуын кеңейтуді жоспарлауда

АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат - Азия даму банкі Қазақстанда қатысуын кеңейтуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін АДБ вице-президенті Шаою Жао Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен бүгін Үкімет үйінде болған кездесуде мәлімдеді.
None
None

Тараптар ағымдағы экономикалық жағдай, сондай - ақ, Қазақстан мен АДБ арасындағы ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады, деп хабарлайды ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Шаою Жао АДБ Қазақстандағы құзыретін кеңейтуге деген ниеті туралы және қызметі инвестиция тарту үшін жеке кәсіпкерлік пен аймақтық қаржы институттарының  өзара іс-қимылын үйлестіруге бағытталатын Алматы қаласындағы АДБ өкілдігінің аймақтық орталығына функция беру туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлады.

Шаою Жао, сондай-ақ, АДБ Қазақстанның серпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын әзірлеуге ғана қатысып қоймай, бағдарламаның жобаларын әрі қарай қаржыландыруға ниетті екенін жеткізді. АДБ Ақтау-Бейнеу автожолын жөндеу жобасына қатысу туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, Шаою Жао АДБ Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытуға жәрдем беріп, техникалық қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.

Кездесу соңында Кәрім Мәсімов пен Шаою Жао Қазақстан мен АДБ арасындағы ынтымақтастықтың сәтті жалғасатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар