Азия Даму Банкінен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қарыз бөлінуі мүмкін

АНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Азия Даму Банкінен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қарыз бөлінуі мүмкін. Бүгін елордада Азия Даму Банкінің Орталық-Азиялық өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы бойынша семинар-кеңес өтуде.
None
None

«Былтырғы жылы Азия Даму Банкінен «Даму» кәсіпкерлік даму қорына қарыз алу туралы келіссөз қолға алынған болатын. Бұл келісім аяқталуға жақын. Ал қарыз аясындағы бөлінуі мүмкін қаражат шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды қолдауға жолданатын болады. Сондай-ақ, индустрияландыру бағдарламасы шеңберіндегі экономиканың басым бағытты жобалары да осы арқылы қаржыланатын болады», - деді Экономикалық даму және сауда министрлігі Инновациялық саясат департаментінің директоры Бауыржан Тортаев.

Оның айтуынша, ОАӨЭЫ бағдарламасы бойынша ынтымақтастық Қазақстанның дамуына да өз септігін тигізеді. «Қазақстан үшін ОАӨЭЫ бағдарламасының ынтымақтастық даму мысалы ретінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік көлік дәлізін алуға болады. Бұл жобаға барлық дерлік халықаралық қаржылық институттар қатысуда. Осы дәлізді қаржыландыруға қатысты келіссөздер барысында ең бірінші қазақстандық қамтуға да назар аударылды», - деді Б. Тортаев.

Соңғы жаңалықтар